Құралды алмастыру

Енгізу

Алмалы-салмалы аспапты (16) құрал бекіткішінің (1) квадратына, резеңке тығыздауыш сақинаға (құрал бекіткіші) (2) тірелгенше жылжытыңыз.

Нұсқау: резеңке тығыздауыш сақина (құрал бекіткіші) (2) электр құралы жұмыс істеп тұрған кезде құрал бекіткішімен (16) бірге айналады. Сондықтан резеңке тығыздауыш сақина (құрал бекіткіші) (2) мен электр құралының берілістер қорабы корпусының арасындағы аз қашықтықты сақтаңыз.

Шығару

Алмалы-салмалы аспапты (16) құрал бекіткішінің (1) квадратынан шығарып алыңыз.