Айналу бағытын реттеу

Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (3) көмегімен электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады. Алайда ажыратқышты (13) басқанда осы әрекетті орындау мүмкін емес.

Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу және сомындарды тарту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3) солға тірелгенше басыңыз.

Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3) оңға тірелгенше басыңыз.