Funktionsweise
Құрал бекіткіші (1) алмалы-салмалы аспаппен (16) бірге электр қозғалтқышынан беріліс қорабы мен қағу механизмі арқылы жұмыс істейді.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі, бұрандалы қосылым тартылып, қозғалтқышқа жүктеме түскенде іске қосылады. Осылайша қағу механизмі қозғалтқыш күшін бірқалыпты айналма соққыларға айналдырады. Бұрандаларды немесе гайкаларды босату кезінде бұл процесс керісінше жүзеге асырылады.