Аккумулятор
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады.
Төмендегі аккумуляторлар электр құралымен үйлесімді:
GBA 18V..., ProCORE18V..., CORE18V..., EXBA18V..., EXPERT18V...
Аккумуляторларды зарядтау үшін мына зарядтағыш құрылғылар ұсынылады:
GAL18..., GAL 18..., GAL 36..., GAL12V/18..., GAL 12V/18..., GAX 18..., EXAL18...