Туралау блогы бар қабырға бекіткіші

Өлшеу құралын қабырға бекіткішінің және туралау блогының (33) көмегімен қабырғаға бекітуге болады. Қабырға бекіткішін, мысалы, штативтің шығыс биіктігінен жоғары жұмыс істегенде немесе тұрақсыз бетте және штативсіз жұмыс істегенде пайдаланған жөн.

  1. Қабырға бекіткішін (33) бұранданың көмегімен бекіткіш саңылау (27) арқылы қабырғаға бұрап бекітіңіз.
  2. Оған қоса қабырға бекіткішін (33) қысқыштың (28) көмегімен, мысалы, төбелік тақтайға қысуға болады.
  3. Қабырға бекіткішін мүмкіндігінше тігінен монтаждап, тұрақты бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
  4. Қолдану жағдайына қарай қабырға бекіткішінің 5/8 дюймдік бұрандасын (31) өлшеу құралындағы көлденең штатив бекіткішіне (16) немесе тік штатив бекіткішіне (18) бұрап бекітіңіз.

Туралау блогының көмегімен өлшеу құралын биіктігі бойынша шамамен ±45 мм диапазонда жылжытуға болады.

  1. Туралау блогының бекіткіш бұрандасын (32) босатыңыз.
  2. (29) батырмасын басыңыз.
  3. Туралау блогын қажетті биіктікке шамамен жылжытыңыз.
  4. Лазер сәулесін дәл реттегіш бұранданың (30) көмегімен тура қажетті анықтамалық биіктікке дейін туралаңыз.
  5. Бекіткіш бұранданы (32) қайтадан мықтап тартыңыз.