Қабырғалық сөре

Өлшеу құралын қабырғалық сөренің (35) көмегімен қабырғаға бекітуге болады. Қабырғалық сөрені, мысалы, штативтің шығыс биіктігінен жоғары жұмыс істегенде немесе тұрақсыз бетте және штативсіз жұмыс істегенде пайдаланған жөн.

  1. Қабырғалық сөрені (35) 4 бұранданың көмегімен бекіткіш саңылаулар (34) арқылы қабырғаға бұрап бекітіңіз.
  2. Қабырғалық сөрені мүмкіндігінше көлденеңінен монтаждап, тұрақты бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
  3. 5/8 дюймдік бұранданы (36) өлшеу құралындағы тік штатив бекіткішіне (18) бұрап кіргізіңіз.
  4. Қажет болса, бекіткіш бұрандаларды (37) босатып, монтаждалған өлшеу құралын қажетті позицияға жылжытыңыз.
  5. Бекіткіш бұрандаларды (37) қайтадан мықтап тартыңыз.