Көлденең күйдегі еңіс режимі

Өлшеу құралының көлденең күйінде Y осін ±15 % шамасындағы диапазонда еңкейтуге болады.

  1. Лазер жазықтығын Y– бағытымен еңкейту үшін  түймесін басыңыз.
  2. Лазер жазықтығын Y+ бағытымен еңкейту үшін  түймесін басыңыз. 

Түймені ұзақ басқан кезде, еңіс бұрышының индикаторындағы (8) мән жылдамырақ өзгереді.

Түймені соңғы рет басқаннан кейін бірнеше секунд ішінде өлшеу құралында таңдалған еңіс ауыстырылады. Еңісті реттеу әрекетінің аяқталуына дейін еңіс бұрышының индикаторы (8) қызыл түспен жыпылықтайды. Реттелген мәнге жеткен болса, еңіс бұрышының индикаторы (8) тұрақты қызыл түспен жанады.

Y осін қайтадан 0 %-ға орнату үшін бір уақытта және  түймелерін қысқаша басуға да болады.