Шолу

Өлшеу құралы қосылғаннан кейін көлденең немесе тік күйді тексеріп, шамамен ±15% (±8,5°) өздігінен нивелирлеу диапазонының аясында бұдырлылықты автоматты түрде түзетеді.

Нивелирлеу кезінде лазер өшірулі болады және еңіс бұрышының индикаторы (8) жасыл түспен жыпылықтайды.

Нивелирлеу сәтті аяқталғаннан кейін, лазер сәулесі қосылып, айналу басталады. Еңіс бұрышының индикаторында (8) өлшеу құралының көлденең күйінде <0.0%> индикаторы жасыл түспен, ал тік күйінде <--> индикаторы жанады.

Өлшеу құралы 15 %-дан қатты қиғаштанып тұрса немесе көлденең немесе тік күйден басқаша орналастырылған болса, нивелирлеу мүмкін болмайды. Еңіс бұрышының индикаторында (8) <100> индикаторының жарты бөліктері кезектесіп қызыл түспен жыпылықтайды.

  1. Өлшеу құралын қайта орналастырып, нивелирлеу орындалғанша күте тұрыңыз.
Егер өлшеу құралы жаңадан орналастырылғаннан кейін автоматты түрде нивелирленбесе, нивелирлеуді қайта бастау үшін  түймесін қысқаша басыңыз.

Өлшеу құралы нивелирленген болса, ол көлденең немесе тік күйді тұрақты тексеріп тұрады. Күй өзгерген жағдайда, нивелирлеу автоматты түрде орындалады. Қате өлшеу нәтижелеріне жол бермеу үшін, лазер нивелирлеу барысында өшірулі болады. Еңіс бұрышының индикаторы (8) жасыл түспен жыпылықтайды.