Өлшеу құралын калибрлеу

Төмендегі жұмыстарды тек жақсы оқытылған және білікті тұлғалар ғана орындауы керек. Олар өлшеу құралының дәлдігін тексеру немесе өлшеу құралын калибрлеу кезіндегі заңдылықпен таныс болуы керек.

Нұсқау: Z осі бойынша калибрлеу жұмысын тек Bosch қызмет көрсету орталығы орындай алады.

X және Y осі бойынша калибрлеу

Өлшеу құралын калибрлеу жұмысын (төменде сипатталғандай) мүмкіндігінше LR 45 лазер қабылдағышының көмегімен орындау керек. Лазер қабылдағышынсыз калибрлеу жұмысын тек қолайлы жарық жағдайларында орындауға болады және бұл жағдайда қате жіберу ықтималдығы өте жоғары.

Өлшеу құралын және лазер қабылдағышын калибрлеу барысында орнын ауыстыруға болмайды (сипатталған туралау немесе бұрау әрекеттерін қоспағанда). Сондықтан өлшеу құралын берік, тегіс бетке қойып, лазер қабылдағышын мықтап бекітіңіз.

Калибрлеу жұмысын мүмкіндігінше Bosch Levelling Remote App қолданбасы арқылы орындау керек. Қолданба арқылы басқарылған жағдайда, қате жіберу ықтималдығы жоққа шығарылады, себебі кері жағдайда өлшеу құралы түймелерді абайсыздан басу нәтижесінде жылжып кетуі мүмкін.
Қолданбасыз калибрлеу кезінде өлшеу құралындағы тиісті түймелер басылуы керек.

Берік бетте 30 м бос арақашықтық қажет болады. Мұндай арақашықтық қолжетімді болмаса, калибрлеу әрекетін төменірек нивелирлеу дәлдігімен де ұзындығы 15 м өлшеу қашықтығында орындауға болады.

Өлшеу құралын және лазер қабылдағышын калибрлеу үшін монтаждау:

  1. Өлшеу құралын көлденең күйде лазер қабылдағышынан 30 м немесе 15 м арақашықтығында штативке (26) монтаждаңыз немесе оны берік, тегіс бетке қойыңыз.
  2. Лазер қабылдағышын жарамды биіктікте берік бекітіңіз:
  • қабырғаға немесе басқа бетке лазер қабылдағышының магниттерімен,
  • немесе тұрақты бекітілген көмекші құралға лазер қабылдағышының ұстағышымен.

Лазер қабылдағышының пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.

Өлшеу құралын калибрлеу үшін туралау:

  1. Өлшеу құралын оның үстінде қашалған X осінің индикаторы "−" жағымен лазер қабылдағышына қарайтындай етіп туралаңыз. Бұл ретте X осі лазер қабылдағышына тігінен тұруы керек.

Калибрлеу бойынша нұсқаулар:

  • Калибрлеу барысында өлшеу құралындағы калибрлеу үшін қажет емес түймелер ажыратылады.
  • Егер калибрлеу барысында 5 минуттан ұзақ ешбір түйме басылмаса немесе 5 минуттан ұзақ Bosch Levelling Remote App арқылы ешқандай сигнал жіберілмесе, өлшеу құралында калибрлеу тоқтатылады. Бұл ретте ешқандай өзгерістер сақталмайды. Еңіс бұрышының индикаторында (8) қызыл түсті <Er> және <01> кезектесіп жыпылықтайды. Қалыпты режимге оралу үшін қолданбадағы қате туралы хабарды жабыңыз немесе өлшеу құралындағы  түймесін қысқаша басыңыз.
  • Өлшеу құралын калибрлеу әрекетін кез келген уақытта қолданба арқылы немесе өлшеу құралындағы  түймесін ұзақ басу арқылы тоқтатуға болады. Бұл ретте ешқандай өзгерістер сақталмайды. Калибрлеу барысында алдыңғы қадамға оралу мүмкін емес.
  • Егер қолданба арқылы калибрлеу барысында өлшеу құралымен байланыс үзілсе, калибрлеуді өлшеу құралында жалғастыруға болады (қолданбасыз калибрлеу процесін қараңыз).

Калибрлеуді іске қосу:

Өлшеу құралы көлденең күйде болуы керек. Тік күйде калибрлеу әрекетін қолданба арқылы да, өлшеу құралында да іске қосу мүмкін емес.

Bosch Levelling Remote App арқылы калибрлеу:

  1. Өлшеу құралын қосыңыз.
  2. Ақырғы мобильдің құрылғының Bosch Levelling Remote App қолданбасымен байланысын орнатыңыз.
  3. Қолданбада калибрлеу әрекетін іске қосыңыз.
  4. Содан кейін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз.

Қолданбасыз калибрлеу:

  1. Өлшеу құралы өшірулі болуы керек.
  1. Өлшеу құралында  түймесін басып тұрыңыз. Калибрлеуді іске қосу үшін  түймесін қысқаша басып, содан кейін жіберіңіз.
  2. Өлшеу құралы нивелирленеді. Нивелирлеу процесі еңіс бұрышының индикаторындағы (8) айнала сегменттер арқылы көрсетіледі.
  3. Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, еңіс бұрышының индикаторында (8) <C1> қызыл түспен жыпылықтайды.

Калибрлеуді қолданбасыз орындау:

  1. Лазер қабылдағышын қосыңыз.
  2. Лазер қабылдағышын, оның үстіндегі айнымалы лазер сәулесі (1) ортаңғы ретінде көрсетілетіндей биіктігі бойынша туралаңыз. Лазер қабылдағышының пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.
  3. Лазер қабылдағышын осы биіктікте берік бекітіңіз.

X осін калибрлеу:

  1. Өлшеу құралы мен лазер қабылдағышы бір-біріне дұрыс тураланғанын тексеріңіз (X осінің "−" жағы лазер қабылдағышына бағытталған).
  2. Лазер қабылдағышындағы айнымалы лазер сәулесі (1) ортаңғы ретінде көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.
  3. Өлшеу құралын, X осінің "+" жағы лазер қабылдағышына бағытталатындай, 180°-қа бұраңыз.
  4. Әр бұраған сайын өлшеу құралының биіктігі мен еңісі өзгермегеніне көз жеткізіңіз.
  5. Бұрауды растау үшін өлшеу құралындағы  түймесін қысқаша басыңыз.
  6. Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, еңіс бұрышының индикаторында (8) <C2> қызыл түспен жыпылықтайды.
  7. Лазер қабылдағышындағы салыстырмалы биіктік индикаторында лазер сәулесінің орта белгісіне дейінгі қашықтығын тексеріңіз.

30 м өлшеу қашықтығында рұқсат етілген максималды ауытқу 3 мм құрайды. Лазер қабылдағышында көрсетілген мән 3 мм-ден үлкен болса, лазер туралануын түзету керек:

  1. Өлшеу құралындағы  түймесін немесе  түймесін, лазер қабылдағышында көрсетілген салыстырмалы ылғалдылық мәні екі есе азайғанша басыңыз.
    Мысал: лазер қабылдағышында 10 мм мәні көрсетілсе, өлшеу құралындағы түймелерді, лазер қабылдағышындағы мән 5 мм-ге тең болғанша басыңыз.
  2. X осі бойынша калибрлеу мәнін сақтау үшін өлшеу құралындағы  түймесін қысқаша басыңыз.
  3. Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, растау ретінде еңіс бұрышының индикаторында (8) <C3> қызыл түспен жыпылықтайды.

Y осін калибрлеу:

  1. Өлшеу құралын, Y осінің "−" жағы лазер қабылдағышына бағытталатындай, 90°-қа бұраңыз.
  2. Лазер қабылдағышындағы айнымалы лазер сәулесі (1) ортаңғы ретінде көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.
  3. Өлшеу құралын, Y осінің "+" жағы лазер қабылдағышына бағытталатындай, 180°-қа бұраңыз.
  4. Бұрауды растау үшін өлшеу құралындағы  түймесін қысқаша басыңыз.
  5. Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, еңіс бұрышының индикаторында (8) <C4> қызыл түспен жыпылықтайды.
  6. Лазер қабылдағышындағы салыстырмалы биіктік индикаторында лазер сәулесінің орта белгісіне дейінгі қашықтығын тексеріңіз.
  7. Қажет болса, қашықтықты X осі үшін сипатталғандай түзетіңіз.
  8. Содан кейін Y осі бойынша калибрлеу мәнін сақтау үшін өлшеу құралындағы  түймесін қысқаша басыңыз.
  1. Еңіс бұрышының индикаторында (8) 2 секунд <C> жасыл түспен жанып тұрады.

Калибрлеу сәтті түрде аяқталса, өлшеу құралы автоматты түрде өшіп қалады.

Калибрлеу сәтсіз аяқталды:

X немесе Y осі бойынша калибрлеу мәнін жадқа сақтау мүмкін болмаса, еңіс бұрышының индикаторында (8) қызыл түспен <Er> және <02> кезектесіп жыпылықтайды.

  1. Хабарды растау үшін өлшеу құралындағы  түймесін қысқаша басыңыз.
  2. Өлшеу құралы еш өзгеріссіз қалыпты режимге оралады.
  3. Калибрлеуді қайта іске қосыңыз.

Калибрлеу әрекеті қайтадан сәтсіз аяқталса, өлшеу құралын Bosch қызмет көрсету орталығына тексерту керек.