Көлденең күйдегі нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тиісті және дәл нәтижеге қол жеткізу үшін, берік бетте қабырғадан 30 м шамасындағы еркін өлшеу қашықтығында нивелирлеу дәлдігін тексеруге кеңес беріледі. Осьтердің екеуін де толық өлшеу процедурасынан өткізіңіз.
- Өлшеу құралын көлденең күйде қабырғадан 30 м шамасындағы арақашықтықта штативке монтаждаңыз немесе оны берік әрі тегіс бетке қойыңыз.
- Өлшеу құралын қосыңыз.

- Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесінің ортасын қабырғада (Ⅰ нүкте) белгілеңіз.

- Өлшеу құралын 180°-қа бұрап, биіктігін өзгертпеңіз.
- Өлшеу құралы нивелирленгенше күтіңіз.
- Лазер сәулесінің ортасын қабырғада (Ⅱ нүкте) белгілеңіз.
- Өлшеу құралын 90°-қа бұрап, өлшеу әрекетін басқа ось үшін қайталаңыз.
- Ⅱ нүктенің Ⅰ нүктенің үстінде немесе астында тік орналасқанына көз жеткізіңіз.
30 м өлшеу қашықтығында рұқсат етілген максималды ауытқу ±1,5 мм құрайды. Осылайша Ⅰ мен Ⅱ нүктелер арасындағы d айырмашылығы екі өлшеу әрекетінің әрқайсысында ең көбі 3 мм құрауы керек.