Соққы туралы ескерту функциясы

Өлшеу құралында соққы туралы ескерту функциясы бар. Бұл функция өлшеу құралында күй өзгерістері немесе тербелу орын алғанда немесе астыңғы бет дірілдеген жағдайда өзгертілген позицияда нивелирлеуге жол бермейді және осылайша өлшеу құралының жылжып кетуінен болатын қателердің алдын алады.

Соққы туралы ескертуді іске қосу:

Соққы туралы ескерту функциясы әдепкі бойынша қосылып тұрады. Ол, түймені соңғы рет басқаннан кейін шамамен 15 секунд өткенде іске қосылады.
Іске қосылу кезінде соққы туралы ескерту функциясының индикаторы (13) жасыл түспен жыпылықтайды. Іске қосылғаннан кейін, индикатор тұрақты жасыл түспен жанып тұрады.

Соққы туралы ескерту іске қосылды:

Егер өлшеу құралының күйі өзгерсе немесе қатты тербеліс тіркелсе, соққы туралы ескерту функциясы іске қосылады. Лазер айналуы тоқтатылып, лазер сәулесі өшіріледі де, еңіс бұрышының индикаторы (8) және соққы туралы ескерту функциясының индикаторы (13) қызыл түспен жыпылықтайды.

  1.  түймесін қысқаша басыңыз.
  1. Соққы туралы ескерту функциясы бастапқы күйге қайтарылып, өлшеу құралы нивелирлеуді бастайды. Бұл ретте ол соққы туралы ескерту функциясының іске қосылуына дейін болған нивелирлеу реттеулеріне оралады.

Өлшеу құралы нивелирленгеннен кейін, ол ротациялық жұмыс режимінде автоматты түрде іске қосылады.

  1. Енді лазер сәулесінің позициясын анықтамалық нүктеде тексеріп, өлшеу құралының биіктігін немесе туралануын қажетінше түзетіңіз.

Соққы туралы ескерту функциясын қосу/өшіру:

  1.  түймесін, соққы туралы ескерту функциясы индикаторының (13) түсі өзгергенше (шамамен 3 секундтан кейін) басып тұрыңыз:
    соққы туралы ескерту функциясын өшіру кезінде жасылдан қызылға,
    соққы туралы ескерту функциясын қосу кезінде қызылдан жасылға ауысып жыпылықтайды.
Соққы туралы ескерту функциясы іске қосылғанда, соққы туралы ескерту функциясын өшіру мүмкін болмас бұрын алдымен соққы туралы ескерту функциясын бастапқы күйге қайтару үшін  түймесін қысқаша басыңыз.

Қосылғаннан кейін 15 секунд өткенде, соққы туралы ескерту функциясы іске қосылады (соққы туралы ескерту функциясының индикаторы (13) тұрақты жасыл түспен жанып тұрады).