Bosch Levelling Remote App арқылы қашықтан басқару
Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол смартфоннан Bluetooth® интерфейсі арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл функцияны пайдалану үшін Bosch Levelling Remote App қажет. Оны ақырғы құрылғыға байланысты тиісті қолданбалар дүкенінен (Apple App Store, Google Play Store) жүктеп алуға болады. Жанындағы QR кодын сканерлеңіз.
- Bluetooth® арқылы қашықтан басқаруу кезінде смартфон мен өлшеу құралының арасында нашар қабылдау шарттарынан кідірістер пайда болады.
Bosch Levelling Remote App арқылы өлшеу құралындағы төмендегі функцияларды басқаруға болады:
- Айналу жылдамдығын өзгерту
- Сызықтық режимді/нүктелі режимді қосу/өшіру және лазер сызығын/лазер нүктесін реттеу
- Еңіс режимін қосу/өшіру және еңісті өзгерту
- Соққы туралы ескерту функциясын қосу/өшіру
- Тыныштық режимін қосу/өшіру
Оған қоса өлшеу құралын калибрлеу әрекетін қолданбаның көмегімен орындаған әлдеқайда жеңіл.
Bluetooth® функциясын
түймесі арқылы қосуға және өшіруге болады. Реттеу, өлшеу құралын өшірген кезде, жадқа сақталады.
Ақырғы мобильді құрылғымен байланыс орнату/аяқтау:
- Bluetooth® функциясын қосу үшін
түймесін қысқаша басыңыз. - Растау ретінде Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) баяу ырғақпен жыпылықтайды.
Өлшеу құралы ақырғы мобильді құрылғыға әлдеқашан қосылған болса және осы ақырғы мобильді құрылғы қол жеткізу аясында болса (Bluetooth® интерфейсі іске қосылған), онда осы ақырғы мобильді құрылғымен байланыс автоматты түрде қайта орнатылады. Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) тұрақты жанып тұрса, бұл байланыстың сәтті орнатылғанын білдіреді.
Bluetooth® арқылы байланыс, өлшеу құралы мен ақырғы мобильді құрылғының арасында қашықтық тым үлкен немесе кедергілер бар болғанда немесе электрмагниттік кедергі көздерінің салдарынан үзілуі мүмкін. Бұл жағдайда Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) жыпылықтайды.
Байланысты жаңадан орнату:
(алғаш рет қосылу немесе басқа ақырғы мобильді құрылғыға қосылу)
- Ақырғы мобильді құрылғыда Bluetooth® интерфейсі іске қосылғанына және өлшеу құралында Bluetooth® функциясы қосылғанына көз жеткізіңіз.
- Bosch Levelling Remote App қолданбасын іске қосыңыз.
- Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса, тиісті өлшеу құралын таңдаңыз.
- Өлшеу құралындағы
түймесін басып, Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) жылдам ырғақпен жыпылықтағанша ұстап тұрыңыз. - Байланысты ақырғы мобильді құрылғыңызда растаңыз.
- Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) тұрақты түрде жанып тұрса, бұл байланыстың сәтті орнатылғанын білдіреді.
30 секунд ішінде ешқандай байланыс орнатылмаса, процесс үзіліп, Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) баяу ырғақпен жыпылықтайды.
Bluetooth® функциясын өшіру:
түймесін қысқаша басыңыз.
- Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) сөнеді.
Bluetooth® функциясын зауыттық реттеу күйіне қайтару:
Зауыттық реттеу күйіне қайтарған кезде, өлшеу құралындағы барлық байланыс деректері жойылады.
- Ақырғы мобильді құрылғы өлшеу құралына бұрын қосылған аймақта орналасса, осы ақырғы мобильді құрылғыда Bluetooth® функциясын өшіріңіз немесе ақырғы мобильді құрылғыда өлшеу құралымен байланысты жойыңыз.
- Өлшеу құралын қосыңыз.
- Өлшеу құралындағы
түймесін қысқаша басыңыз. - Растау ретінде Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) баяу ырғақпен жыпылықтайды.
- Содан кейін
түймесі мен
түймесін, Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) қысқа уақытқа жанып, қайта сөнгенше, 5 секунд бойы бір уақытта басыңыз.
Bluetooth® функциясының бағдарламалық жасақтамасын жаңарту:
Bluetooth® функциясы үшін бағдарламалық жасақтама жаңартуы қолжетімді болса, Bosch Levelling Remote App қолданбасында хабарландыру пайда болады. Жаңартуды орнату үшін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз.
Жаңарту барысында Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) бірқалыпты ырғақпен жыпылықтайды. Жаңарту сәтті орнатылса, барлық түймелер ажыратылып, лазер сәулесі өшіріледі.