Өлшеу құралын реттеу

Көлденең күй

Тік күй
- Өлшеу құралын көлденең немесе тік күйде тұрақты бетке орналастырып, штативке немесе бекіткіш керек-жараққа орнатыңыз.
- Қосымша нивелирлеу себебінен болатын жұмыс үзілістерінің алдын алу үшін өлшеу құралының тұрақты күйіне көз жеткізіңіз. Жоғары нивелирлеу дәлдігіне байланысты өлшеу құралы дірілге және күй өзгерістеріне өте сезімтал жауап қайтарады.
X және Y осьтерінің сәйкестігі корпустағы ротациялық бастиектің үстінде белгіленген. Корпустағы туралау белгілерінің көмегімен өлшеу құралын осьтер бойынша орналастыруға болады.
Көлденең жұмыс режимінде өлшеу құралын астыңғы корпус жиегіндегі белгілердің (5) көмегімен де туралауға болады.
Тік жұмыс режимінде өлшеу құралын бүйірлік белгілердің (2) көмегімен туралауға болады.
- Өлшеу құралын таңбаламалардың көмегімен ротациялық бастиектің немесе бүйірлік белгілердің үстінен туралаған кезде өшіріңіз. Лазер сәулесіне қарау салдарынан көзіңіз зақымдалуы мүмкін.