Батареялармен пайдалану

Өлшеу құралы үшін сілтілі-марганец батареяларын пайдалануға кеңес беріледі.

  1. Батарея адаптері қақпағының бекіткішін (20) басып, қақпақты ашыңыз.
  2. Батареяларды батарея адаптеріне (21) салыңыз.
Бұл ретте полярлықтың батарея адаптеріндегі суретке сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
Барлық батареяларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бір өндіруші ұсынған және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
  1. Батарея адаптерінің қақпағын (21) жауып, өз орнында бекітіңіз.
Батарея адаптері арнайы Bosch өлшеу құралдарында ғана пайдалануға арналған.