Шаңды азайту
Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз.
Жарамды сорғыш құрылғы немесе шаңжинағыш/шаңға арналған қап денсаулыққа зиянды шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Шаңжинағышты пайдаланған кезде оны дер кезінде босатыңыз және шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін сүзгіш элементті жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Мақсатты пайдалануға байланысты электр құралын сорғышпен бірге шаңды азайтатын керек-жарақтармен біріктіруге болады қараңыз Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш қаптама .
Сорғышты пайдаланған кезде төмендегі талаптарды орындаңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жеке сорғыш (D суретін қараңыз)
Шаң жинағыш қорапты босату
(GWS 24-180 JZ / GWS 24-230 JZ / GWS 24-230 PZ)
Шаң жинағыш қорапты (3) бүйірінен қысып, шаң жинағыш қорапты (3) электр құралынан тартып шығарыңыз. Қалпақты ашып, шаң жинағыш қорапты (3) босатыңыз. Шаң жинағыш қорапты (3) электр құралының ішіне тірелгенше қайтадан кіргізіңіз.