Нивелирлеу автоматикасы

Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (AE суреттерін қараңыз)

Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, штативте (10) бекітіңіз.

Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін маятникті бұғаттау ауыстырып-қосқышын (4) күйіне жылжытыңыз. Күй индикаторы (2) жасыл түспен жанады.

Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса, нивелирлеу аяқталады.

Егер автоматты түрде нивелирлеу мүмкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұратын беттің көлденең сызықтан ығысуы 4° шамасынан артық болса, күй индикаторы (2) қызыл түспен жанып, лазер сызықтары жыпылықтайды және дыбыстық сигнал беріледі.

Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу диапазонына қайтып оралғанда, лазер сызықтары үздіксіз жанып, күй индикаторы (2) жасыл түспен жанады және дыбыстық сигнал тоқтап қалады.

±4° өздігінен нивелирлеу аймағынан тыс нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу мүмкін емес, себебі кері жағдайда лазер сәулелерінің нивелирлеу дәлдігі де, лазер сәулелерінің арасындағы дұрыс бұрыш та қамтамасыз етілмейді.

Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа нивелирлеген соң өлшеу құралының жылжып қалуынан қателердің алдын алу үшін көлденең немесе тік лазер сызығының күйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз.

Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу (F суретін қараңыз)

Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін маятникті бұғаттау ауыстырып-қосқышын (4) күйіне жылжытыңыз. Күй индикаторы (2) қызыл түспен жанады.

Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде, нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады. Лазер сызықтары бұдан былай нивелирленбейді және бір-біріне тігінен өтпейді.