Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары

Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.

ЕСКЕРТУ

Үшкірлеу, аралау, тегістеу, бұрғылау және ұқсас әрекеттерді орындау кезінде пайда болатын шаң концерогенді, тератогенді немесе мутагенді әсер етуі мүмкін. Осы шаң түрлері қамтитын заттектердің ішінде:
Бояулардағы қорғасын және лак; кірпіш, цемент және басқа да тас заттектеріндегі кристалды кремнезем; химиялық өңделген ағаштағы күшән мен хромат. Сырқаттану қаупі осы заттектердің пайдаланылу жиілігіне байланысты болады. Қауіпті азайту үшін дұрыс желдетілетін бөлмелерде тиісті қорғаныс жабдығымен жұмыс істеңіз (мысалы, арнайы құрастырылған, ең кіші шаң бөлішектерін сүзгілейтін шаңтұтқыштар).