Электр құралын конфигурациялау
5.2 және одан жоғары нұсқадан басталатын BOSCH EXACT Configurator бағдарламалық жасақтамасының көмегімен электр құралында әртүрлі реттеулерді (мысалы, айналу жиілігі, бұрау деңгейлері, қайталаудан қорғаныс) конфигурациялауға болады. Ол үшін электр құралын USB порты арқылы компьютерге жалғаңыз. Ол үшін USB кабелін қолданыңыз:
USB 2.0 A түрі/Micro-USB 2.0 B түрі
- Қос экрандалған
- Макс. ұзындығы 1 м
USB порты арқылы конфигурациялау кезінде радио кедергісі өндірістік ортадан тыс жерде орын алуы мүмкін.
- Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану бойынша нұсқаулығындағы барлық қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен нұсқаулықтарын ескеріңіз.