Қорғаныш аспапты орнату
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Қорғағыш қаптаманы (7) электр құралының патронына қорғағыш қаптамасының кодтау жұдырықшалары патронға сәйкес келгенше салыңыз. Бұғаттаудан шығару иінтірегін (1) басып ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы қорғашғы қаптаманы (7) басып, қаптамадағы буртикті электр құралдың фланеціне отырғызыңыз және қорғағыш қаптаманы шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (7) күйін жұмыс барысының талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш қаптаманы (7) қажет күйге бұрыңыз.
- Қорғаныш қаптаманы (7) әрдайым, құлыптан босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы қорғаныш қаптаманың (7) тиісті ойықтарына кіретіндей, реттеңіз.
- Қорғағыш қаптаманы (7)оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
- Қорғағыш қаптама(7) бұғаттаудан шығару иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек! Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары (7) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды қамтамасыз етеді.
Бағыттауыштары бар кесуге арналған сорғыш қаптама (19) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамамен бірдей монтаждалады.
Қосымша тұтқаны (5) сорғы қаптамадағы қапсырма арқылы редуктор корпусынан өткізе бекітіп, электр құралы сорғыш қаптамамен берік байланыстырылады. Бағыттауыштары бар сорғыш қаптамаға (19) арнайы Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сору адаптері бар сорғыш шлангіні сорғыш қаптаманың арнайы бекіткіш тіректеріне енгізіңіз.
Нұсқау: сору кезінде сорғыш шлангіде және керек-жарақта шаңнан пайда болатын үйкеліс электрстатикалық зарядты тудырады. Пайдаланушы оны статикалық разряд ретінде сезуі мүмкін (қоршаған орта факторларына және өзінің дене қалпына байланысты). Bosch компаниясы ұсақ шаң мен құрғақ материалдарды сору үшін әдетте антистатикалық сорғыш шлангіні (керек-жарақ) пайдалануға кеңес береді.
Қосымша тұтқаны (5) редукторлық бастың оң жағында немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Дірілдеуді бәсеңдететін қосымша тұтқа дірілдеуі кем қолайлы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен пайдаланыңыз (5).
- Қосымша тұтқаны өзгертпеңіз.
Зақымдалған қосымша тұтқаны пайдаланбаңыз.