Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін жарамдылығын тексеріңіз.
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (3) алға жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (3) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (3) төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (3) жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті (3) қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз.
- Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Электрондық бірқалыпты іске қосу жүйесі қосу кезіндегі айналу жиілігін шектейді және электр құралының бірқалыпты іске қосылуын қамтамасыз етеді.
Нұсқау: электр құралы қосылғаннан кейін толық айналу жиілігімен жұмыс істесе, бұл бірқалыпты іске қосу жүйесінің және қайта қосылудан қорғаныстың істен шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден қызмет көрсету орталығына жіберу қажет, мекенжайларды "Қызмет көрсету орталығы және пайдалану бойынша кеңес" бөлімінен қараңыз.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау реттегіші (4) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады. Төмендегі кестеде ұсынылған мәндер берілген.
Материал | Қолданылуы | Алмалы-салмалы аспап | Айналмалы реттегіш күйі |
---|---|---|---|
Металл | Бояуды кетіру | Ажарлағыш диск | 2–3 |
Металл | Қылшақпен өңдеу, тотты кетіру | Тостаған тәрізді қылшақ, егеуқұм қағазы | 3 |
Металл, тас | Ажарлау | Ажарлағыш диск | 4–6 |
Металл | Сыдырып ажарлау | Ажарлағыш диск | 6 |
Металл | Кесу | Кескіш диск | 6 |
Тас | Кесу | Алмас кескіш диск және бағыттауыш ойықтар (тау жыныстарын тек бағыттауыштармен бірге кесуге болады) | 6 |
- Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр құралында көрсетілген максималды айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау | GWS 12-125 S |
---|---|
1 | 2800 |
2 | 3900 |
3 | 5200 |
4 | 6500 |
5 | 8100 |
6 | 11000 |
Айналу жиілігі деңгейлерінің берілген мәндері анықтамалық мәндер болып табылады.